Сингапурда әр балаға 25 миллион теңгеден беріледі

115

Ел үкіметі 17 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға мемлекеттік қолдауды күшейтпек.   

Сингапурда әр балаға 25 миллион теңгеден беріледі Фото: honeykidsasia.com

Сингапурда әр балаға 70 мың сингапур доллары, яғни 25 млн теңгеден астам қаржы бөлінеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Төлемдер кезең-кезеңмен беріледі. Бір бөлігі қолма-қол, енді бірі балабақша шығындарына, ал 10 мың доллар баланың жоғары білім алуына жұмсалады.

Мемлекеттік балабақшалар бағасы арзандап, бала күтіміне байланысты демалыс мерзімі ұзартылады. Аталған шаралар елдегі туу көрсеткішінің рекордтық төмендеуіне байланысты енгізіліп отыр. Осы ретте Сингапур билігі алдағы уақытта мигранттарды қабылдауды жалғастыратынын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу