Сингапурде ауа сапасы нашарлап, ластану деңгейі ең қауіпті межеге жетті. Оған Индонезиядағы орман өрттерінен тараған түтін себеп, деп жазады inbusiness.kz сайты.
IQAir халықаралық компаниясының мәліметінше, ауа сапасының индексі 194-тен жоғары көрсеткіште тұр. Осылайша, шаһар әлем бойынша ауа сапасы ең нашар Пәкістанның Лахор қаласынан кейін екінші орынға жайғасты.
Айта кетейік, Индонезия биыл соңғы 11 жылда болмаған ең ауқымды алапат орман өрттерімен күресіп жатыр. Өрт ошақтарының басым бөлігі Суматра мен Борнео аралдарында тіркелген.
Жергілікті билік орман өрті "Эль-Ниньо" құбылысының күшеюіне байланысты қараша айына дейін жалғасуы мүмкін деп ескертеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу