"Сіңілімді бір топ адам өлтірді": Семейде қаза тапқан 19 жастағы қыздың әпкесі дабыл қақты

Бұған дейін студент қыздың өліміне қатысты күдіктінің ұсталғанын жаздық.  

"Сіңілімді бір топ адам өлтірді": Семейде қаза тапқан 19 жастағы қыздың әпкесі дабыл қақты Фото: malim.kz

24 жастағы жігіт бұрынғы танысы Дильяра Сәлімбаеваны туған інісінің көзінше пышақтап өлтірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мұны марқұмның әпкесі әлеуметтік желіде жазды. Қайғыдан қан жұтқан Парасат Айбекова бауырының қазасына қатысты үндемей қалмайтынын ашық айтқан.

– Кеше Семей қаласында 19 жастағы сіңілімді өлтіріп кетті. Ол жігітпен кездескісі келмеген. Отбасымызға "үндемеңдер!" дейді. Бірақ, сіңілімді бір адам емес, оны далаға шақырғандарды қосқанда, бір топ адам өлтірді деп санаймыз, – дейді ол.

Күдікті қыз баланы бір емес, бірнеше жерінен пышақтаған.

– Сіңілімді жер қойнына тапсырып, есімізді жиып алған соң, соңына дейін баруға тырысамыз. Қанішер артынан қалмай қойып, басқа адамдар арқылы сіңілімді далаға алып шыққан, кейін сағат 18:30-дар шамасында туған інісінің көзінше пышақ қолданған. Бір жерден емес, әр жерінен пышақ сұққан. Жедел жәрдем келгенще көп қан жоғалтып, сол жерде жан тапсырды, – дейді марқұмның әпкесі.

Жаза кетейік, бұл оқиғаны көпшілік Нұрай Серікбай оқиғасымен салыстырып жатыр. Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбай 2026 жылдың 11 қаңтары күні кісі қолынан жан тапсырды. Артынша қызды пышақтап өлтірген адамның кім екені анықталды. 

Сот материалдарына сай, қызға 35 рет пышақ жарақаты салынған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу