Синоптиктер Астана мен тағы бір қала тұрғындарына ескерту жасады

125

Бүгін қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілуде.

Синоптиктер Астана мен тағы бір қала тұрғындарына ескерту жасады Фото: t-j.ru

Екі қала тұрғындарына "Қазгидромет" РМК мамандары қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескерту жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"2025 жылғы 4 тамызда түнде Атырау, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі", – делінген дүйсенбіде "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМУ жағдайында қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе тас жолдар немесе басқа ластаушы көздер жанында уақытты қысқартуға кеңес беріледі. Ал созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар далада жүргенде өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек.

2025 жылдың 4 тамызында Алматы қаласы мен Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу