Синоптиктер Қазақстанда аяз бен қатты жел болатынын айтты

478

Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.

Синоптиктер Қазақстанда аяз бен қатты жел болатынын айтты Фото: vsegda-pomnim.com

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республиканың батысында жаңбыр, кей уақытта найзағай мен бұршақпен қатты жаңбыр оңтүстік-шығыс пен шығыста жауын – шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, батыста шаңды дауылмен, солтүстік – батыста тұман күтіледі.

Түнде Алматы облысы мен Жетісу облысында, Қостанай, Ұлытаудың солтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 1-6 градус үсік күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз таулы аудандарда 30 м/с және одан да аса  күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу