Сирия Араб елдерімен қарым-қатынасты қалпына келтіруге ниетті

396

Сирия Араб Лигасына (АМЛ) оралғаннан кейін бұрынғы қарым-қатынас деңгейін қалпына келтіру үшін араб елдерімен экономикалық келісімдерді қайта қарастыруда, деп хабарлайды Inbusiness.kz Сирияның Қаржы министрі Канаан Яг мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Сирия Араб елдерімен қарым-қатынасты қалпына келтіруге ниетті Фото: RT

"Арабтардың экономика бойынша бірлескен іс-қимылдары шеңберінде екіжақты келісімдер бар, Сирия да қаржы-экономикалық институттарға оралды. Сол қатынастардың деңгейін қалпына келтіру үшін Сирия мен араб елдері арасындағы барлық келісімдер қайта қаралуда", — деді ол.

Сонымен қатар, Сирия үкіметі елдегі қираған инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін барын салуда, деді ол. 

"Болашақта Сириядағы экономикалық және әлеуметтік жағдайды тұрақтандыруға ықпал ететін қалпына келтіру процесін күшейту және жеделдету мәселесі де көтерілді", — деп қосты министр.

Араб елдері Сирия басшылығымен келіссөздер нәтижесінде мамыр айында осы елдің Араб Лигасына мүшелігін қайтару туралы шешім қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу