Сирия әскері ДАИШ-тың қару-жарақ қоймасын басып алды

981

Сирия әскері ДАИШ-тың қару-жарақ қоймасын басып алды

Сирия әскері ДАИШ террористерінің ірі қару-жарақ және бронотехника қоймасын тартып алды, деп хабарлайды kazislam.kz.

Қару-жарақ қоймасы Сирияның шығысында орналасқан Меядин қаласында болған.

"Мұнда шетелде дайындалған көптеген байланыс құралдары мен қару түрлері бар",-  дейді Сирия әскері бригадасының генералы Хасан Сухейл.

Қоймадан табылған қару-жарақтың басым бөлігі НАТО ұйымының жаңа қаруларынан, әсіресе, АҚШ, Бельгия мен Ұлыбританияда өндірілген болып отыр. Генерал Сухейлдің сөзінше, Сирия әскері қоймадағы заттарды алып кетуі үшін алты күн қажет.

Еске салсақ, содырлар Меядин қаласын 2013 жылдың шілде айында басып алған еді. Дейр-эз-Зор провинциясы әкімшілік орталығынан оңтүстік-шығыс бағытында 40 шақырым қашықтықта орналасқан бұл қала содырлар үшін қойма және шеберхана жүйелері жақсы ұйымдастырылған логистикалық орталыққа айналған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу