Сирия әскерлері Түркиямен шекаралас аумақты бомбалады

530

Сирия армиясының артиллериясы сейсенбіде Баб-эль-Хава шекара аймағында Түркия қолдайтын Қарулы Күштердің позицияларына оқ жаудырды.   

Сирия әскерлері Түркиямен шекаралас аумақты бомбалады Фото: thesundaily.my

Бұл туралы An-Nashra жаңалықтар порталы хабарлады. Ақпарат көзі көрсеткендей, ешқандай зиян келтірместен бірнеше зымыран түрік территориясына құлаған, деп жазады inbusiness.kz.

Өз кезегінде Сирия қарулы күштерінің қолбасшылығы қарулы соққы Алеппо провинциясының солтүстігіндегі Менег әскери аэродромының атқылауына және Евфраттың шығыс жағалауындағы Айн-эль-Араб қаласында (күрд атауы Кобани) орналасқан сириялық сарбаздарға жасалған шабуылдарға жауап ретінде жүргізілгенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу