Сирия астанасындағы шіркеуге лаңкестік шабуыл жасалды

238

Зардап шеккендер бар.  

Сирия астанасындағы шіркеуге лаңкестік шабуыл жасалды Фото: Sana/AP/picture alliance

Сирия астанасы Дамаск қаласындағы шіркеуге лаңкестік шабуыл жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

БАҚ жазуынша, ер адам шіркеуге басып кіріп, адамдарға оқ жаудырып, кейін жарылғыш құрылғыны іске қосқан. Reuters агенттігі елдің денсаулық сақтау министрлігіндегі дереккөздерге сілтеме жасап, оқиға салдарынан 22 адам қаза тапқанын, ондаған адам жарақат алғанын жазды. 

Сирияның Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, жарылыстан 59 адам зардап шеккен.

Шабуыл Дамаскінің шығыс бөлігіндегі Әулие Илья грек православ шіркеуінде болған.

Сирияның Ішкі істер министрлігі шабуыл жасаған адамның "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының мүшесі болғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу