Сирия бойынша Астанадағы кездесу кейінге қалдырылды

649

Сирия бойынша  Астанадағы кездесу кейінге қалдырылды

Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты "Астана процесінің" кезекті кездесуі кейінге қалдырылды, деп хабарлайды khabar.kz.

Бұл туралы сыртқы істер министрінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов хабарлады. Оның айтуынша, келіссөзге кепіл елдер – Ресей, Түркия және Иран тараптары Астанада өтетін кездесудің күн тәртібін бірлесіп бекітуге уағдаласты. Сондай-ақ тараптар алдағы уақытта осы мәселеге қатысты мәліметтер жайлы Қазақстанды құлақтандырып отырады. Айта кету керек, бұл басқосу осыған дейін 12-13 маусым күндері елордада өтеді деп жоспарланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу