Сирия бойынша келіссөздердің барлық қатысушылары Нұр-Сұлтанға келді

725

16 маусымда барлық тараптардың қатысуымен жалпы отырыс өтеді. 

Сирия бойынша келіссөздердің барлық қатысушылары Нұр-Сұлтанға келді

Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі халықаралық кездесудің барлық қатысушылары Нұр-Сұлтан қаласына келді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Сирия бойынша Астана процесіне қатысушы барлық делегациялар Қазақстан астанасына келді. Бүгін таңертең екіжақты және үшжақты форматтағы келіссөздер басталды", – деді ол.

Сыртқы саяси ведомствоның мәліметінше, келіссөзге кепілгер-мемлекеттер – Ресей, Түркия және Иран, сондай-ақ Сирия үкіметі мен сириялық оппозиция делегациялары қатысады. 

Келіссөздердің күн тәртібіне Сириядағы жағдай, оның ішінде гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ахуал, Женевадағы сириялық конституциялық комитет жұмысының жандану перспективалары, тараптар арасындағы сенімді нығайту, кепілге алынғандарды босату және із-түзсіз жоғалғандарды іздеу мәселелері енеді. 
16 маусымда барлық тараптардың қатысуымен жалпы отырыс өтеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу