Сирия президенті Қазақстан Президентіне алғысын білдірді

514

Сирия президенті Башар Асад Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсеткені үшін алғыс білдіріп, жеделхат жолдады. 

Сирия президенті Қазақстан Президентіне алғысын білдірді Фото: static.365info.kz

Бұл туралы inbusiness.kz newtimes.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Сирия халқы жанашырлық пен мейірбандылық көрсеткен және бізді қиын жағдайда қолдауға бастама көтерген Қазақстанның ұстанымын жоғары бағалайды", — делінген мәтінде.

11 ақпанда Қазақстан Исламдық азық-түлік қауіпсіздігі ұйымының (IOFS) қолдауымен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге 50 тонна гуманитарлық көмек жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу