Сирияда апатқа ұшыраған ұшақта Ресейдің 39 әскериі болған

720

Сирияда апатқа ұшыраған ұшақта Ресейдің 39 әскериі болған

Сирияда апатқа ұшыраған Ан-26 ұшағында 6 экипаж мүшесі мен 33 жолаушы болған. Олардың отбасыларына қажетті көмек пен қолдау көрсетілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Анықталған мәліметтер бойынша, Хмеймим аэродромына қону барысында апатқа ұшыраған Ан-26 көліктік ұшағының бортында 33 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы РФ Қарулы күштерінің әскери қызметкерлері. Ұшаққа оқ атылмаған. Ресей қорғаныс министрлігінің комиссиясы оқиғаның барлық нұсқаларын зерттеуде", - дейді РФ Қорғаныс министрлігінен.

РФ қорғаныс министрлігінде қаза болған әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына барлық мүмкін болған және қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін айтты.

Еске сала кетсек, 6 наурызда Мәскеу уақытымен 15:00-де Хмеймим әуе айлағына қонайын деп жатқан Ан-26 ресейлік көлік ұшағы апатқа ұшырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу