Сирияда әуе соққысынан 17 адам қаза тапты

777

Сириядағы азаматтық соғыс 2011 жылы басталды. Содан бері жүз мыңдаған адам көз жұмды.

Сирияда әуе соққысынан 17 адам қаза тапты

Сирияның солтүстігіне жасалған әуе соққыларынан 17 бейбіт тұрғын мерт болды. Тағы 50-ге жуық азамат жарақат алды. Марқұмдар арасында балалар да бар, деп хабарлайды 24.kz.

Белгілі болғандай, соққы Идлиб қаласының бірнеше ауданы мен 11 елдімекенге берілген. Оны Башар Асад режиміне қарасты қарулы күштер жасапты.

Аймақта құтқару-іздестіру жұмыстары әлі де жүріп жатыр.

Айта кетейік, Сириядағы азаматтық соғыс 2011 жылы басталды. Содан бері жүз мыңдаған адам көз жұмды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу