Сирияда күн сайын бір бала оққа ұшады

2078

Осы өңірдегі 5 млн жеткіншек гуманитарлық көмекке зәру. 

Сирияда күн сайын бір бала оққа ұшады

Биыл әлем бойынша 1106 бүлдіршін қарулы қақтығыс құрбаны болды. Басым көпшілігі – сириялық. Бір жылдың ішінде осы елде 657 бала жер жастанған. Бұл ЮНИСЕФ-тің мәліметі, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазір Сирияның солтүстік-батысы – аса қауіпті аймақ. Бұл жақта күн сайын бір бала оққа ұшады. Осы өңірдегі 5 млн жеткіншек гуманитарлық көмекке зәру. Одан бөлек, қазір лагерьді паналап жатқан ДАИШ қатарына қосылған шетелдіктердің 8000-ға жуық баласы бар. Олар әлемнің 60 елінен келген. Олардың арасында өзіміздің қаракөздер де бар.

"Кешегі жарылыс салдарынан Идлибтегі Түркиямен шекаралас жерде орналасқан перзентхана ғимараты қирады. Құрбандардың қатарында жас сәбилер де бар. Сол маңда күркеде тұрып жатқан 10 бала жан тапсырды. 22-сі жарымжан болып қалды",– дейді ЮНИСЕФ-тің Сириядағы өкілі Фран Еквиза. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу