Сириядағы АҚШ базасы зымыранмен атылды

584

Сирияның Дейр-эз-Зор провинциясының шығысындағы Эль-Меядин ауданындағы АҚШ әскери базасы сәрсенбіде зымыранмен атылды. 

Сириядағы АҚШ базасы зымыранмен атылды Фото: img.pravda.com

Бұл туралы Siberian News жаңалықтар порталы хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Оның айтуынша, атыс Сирия-Ирак шекарасынан бастау алған. Әскери нысанның аумағында кем дегенде екі жарылыс болды. Зардап шеккен адамдар мен материалдық залал туралы әзірге ақпарат жоқ.

Бу-Кемаль бақылау-өткізу пунктіне дейінгі тас жолда орналасқан Эль-Меядин төңірегіндегі аспанға тікұшақтар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары көтеріліп, көктен бақылау жүргізуде. Бағдадтағы американдық әскери қолбасшылықтың өкілі базаға шабуыл жасалғанын әлі ресми түрде растаған жоқ.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу