Сириядағы атыстан 25 бала көз жұмды

581

Сириядағы атыстан 25 бала көз жұмды

Сирияның Ракка қаласында атыс-шабыс кесірінен 25 бала көз жұмды. Әскери операция тағы 40 мыңға жуық кәмелеке толмаған жасөспірімнің амандығына қауіп төндіріп тұр. Бұл туралы ЮНИСЕФ өкілдері хабарлайды, деп жазды khabar.kz.

Осы ретте халықаралық қауымдастық мамандары жанжалдасушы тараптардан балалардың қаладан қауіпсіз жолмен кетуіне кедергі етпеуін талап етіп отыр.

- Толастамай тұрған атыс-шабыс кесірінен Раккадан 80 мың бала қашқан. Қазір көбісі уақытша орталықтар мен лагерлерді паналап жүр. Біз үй-жайын тастап, босып кеткен 120 мың адамға күнделікті таза ауыз су жеткізіп отырмыз. Сондай-ақ мамандарымыз балаларға психологиялық көмек көрсетіп жатыр, - дейді ЮНИСЕФ өкілі Кристоф Бульера. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу