Сириядағы жер сілкінісі: Үш айдан кейін тірі адам үйінді астынан шығарылды

2029

Қатты жүдеп, шаршаған ер адам қазір дәрігерлердің қадағалауында.

Сириядағы жер сілкінісі: Үш айдан кейін тірі адам үйінді астынан шығарылды Фото: Грозный-информ

Құтқарушылар Сириядағы зілзаладан қалған үйінділер арасынан үш ай бойы сонда жатқан адамды тапты. Оның жер сілкінісінен қалай аман қалғаны әлі белгісіз, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Akhbar.fouri порталы күні кеше үйінділер астында аман қалған, үш айдан кейін табылған ер адамның суретін жариялады. Қатты жүдеп, сақал-мұрты өсіп кеткен азамат қазір дәрігерлердің қарауынан өтіп жатыр. 

Әзірге журналистер мен мамандар оның қалай аман қалғанын анықтай алмады, себебі оның, тіпті, тіл қатуға шамасы жоқ.

Осыдан үш ай бұрын Түркия елінде және оған шекаралас Сирия аймақтарында 7,7 мен 7,6 баллдық зілзала болғанын еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу