Сириядан 231 Қазақстан азаматы елге жеткізілді

803

Оларға медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетілді.

Сириядан 231 Қазақстан азаматы елге жеткізілді

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 7 және 9 мамыр күндері Сириядан 231 Қазақстан азаматы елге жеткізілді, оның 156-сы балалар, дені мектеп жасына дейінгілер, соның ішінде 18-і – жетім балалар. Бұл туралы мемлекет басшымы мәлімдеме жасады.

Бұл ауқымды гуманитарлық акция – Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен биыл қаңтар айында жүргізілген "Жусан" операциясының жалғасы болды.

Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар елімізге қайтарылған азаматтармен оңалту шараларын жүргізді. Оларға медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетілді.

"Қазақстан терроризммен күрес жүргізу, сондай-ақ қиын жағдайда қалған азаматтарына қол ұшын созу міндеттемелерінен бас тартпайды. Гуманитарлық акция жалғаса береді. Біз өз азаматтарымыздың тағдырына ешқашан бей-жай қарамаймыз", – делінген Ақорданың ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу