Сириядан қайтарылғандардың 20-сы тұтқынға алынды

632

Олардың террористік іс-әрекеттерге қатысы болуы мүмкін.

Сириядан қайтарылғандардың 20-сы тұтқынға алынды

Сириядан қайтарылған 16 ер адам мен 4 әйел елге келісімен, ДАИШ жағында террористік іс-әрекетке қатысы бар деген күдікпен тұтқынға алынған. Бұл туралы "Жусан-2" операциясына қатысты өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Бақытбек Рахымбердиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Олар қылмыстық істерін тергеу орындары бойынша Нұр-Сұлтан, Атырау, Орал, Ақтөбе, Қарағанды және Шымкент қалаларына жіберілген. Қалған 55 әйел балаларымен бірге Ақтау қаласының маңындағы арнайы оңалту орталығына орналастырылды. Олармен психологтар, теологтар, үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері жұмыс жүргізуде.

Жақында Сириядан 231 Қазақстан азаматының елге жеткізілуіне байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу