Сириялық босқындар жер сілкінісінен кейін Түркиядағы үйлерінен айырылып, отандарына оралуда

2166

Түркия-Сирия шекарасындағы өткізу бекетінде гуманитарлық көмек тиелген жүк көліктерінен бөлек, шекара аспақ адамдар қарасы қалың. 

Сириялық босқындар жер сілкінісінен кейін Түркиядағы үйлерінен айырылып, отандарына оралуда Фото: Известия

Түркияда бірнеше жыл өмір сүрген және жер сілкінісі салдарынан бәрін жоғалтқан сириялық босқындар тірі қалған туыстарын іздеу үшін отанына оралуға тырысып бағуда, деп хабарлайды inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Сирия билігі зілзала болғаннан кейін, гуманитарлық көмек алу үшін біршама шекара бекеттерін ашқан болатын. Қазір онда жүк көліктерінен бөлек, елге қайтқысы келетіндер сириялықтар кезекте тұр.

Олардың көбісі қазір өз отандарына өтіп, бірінші кезекте туысқандарын іздеп тапқысы келетіндерін айтады. Түркияда енді ғана тұрмысын түзей бастаған сириялықтар үшін зілзала ауыр тиді, енді олар үлкен таңдау алдында тұр: табиғи апат аймағында қалу не соғыс алаңына қайтып оралу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу