Сирияның оппозициялық "Хмеймим" өкілдері Астанадағы кездесуге келуге дайын

835

Сирияның оппозициялық "Хмеймим" өкілдері Астанадағы кездесуге келуге дайын

Сирияның "Хмеймим" оппозициялық тобының өкілдері Астанада өтетін Сирияға қатысты кездесуге әзірше шақырту алған жоқ, дегенмен  оған қатысуға ниетті, деп мәлімдеді топтың жетекшісі Илиан Масаад.
"Біз Астанада өтетін кездесуге әзірше шақырту алған жоқпыз. "Хмеймим" Мәскеу тарапынан да, Вашингтон тарапынан да танылған жалғыз оппозициялық топ", – деді ол "Интерфакске".

"Біздің қатысуымыз жөніндегі мәселені Ресей шешеді", – деп атап өтті И.Масаад.
Ол сондай-ақ Астанада өтетін кездесу әскери басшылар деңгейінде өтеді деген болжамын айтты.
Сәрсенбі күні Түркияның бұқаралық ақпарат құралдары  Астанадағы келіссөз 23 қаңтарда басталады деп хабарлаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу