"Сізге өтінішсіз төлем тағайындасақ, қарсы емессіз бе?"

791

Министрлік осындай SMS жолдауы мүмкін. 

"Сізге өтінішсіз төлем тағайындасақ, қарсы емессіз бе?"

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов кей санаттағы азаматтарға 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді 
өтінішсіз тағайындау мүмкіндігі қарастырылып жатқанын жариялады. 

"Көпшілік "өткенде алдық, енді, жаңа өтінім бермей-ақ төлей салуға болмай ма?" деп сұрақ қойып жатыр. Өтінім бермесе болмайды деп шештік. Себебі  әр өңірде жағдай әртүрлі. Кей мекемелер жұмыс істеп жатыр. Бұрын тоқтап тұрғандары қайтадан жұмысына кірісті. Оның үстіне төтенше жағдай кезінде жұмыс істеп, қазір жұмыссыз қалған адамдар да болуы мүмкін. Әрине, олар да өтінім беріп, әлеуметтік төлем алуға тиіс", – деді Біржан Нұрымбетов.

Министрдің мәлімдеуінше, осы жолы кейбір санаттағы азаматтарға 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем өтінішсіз тағайындалуы мүмкін. Бұл мәселені еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі цифрлық даму министрлігімен талқылап жатыр. 

"Сол белгілі бір санаттағы азаматтардың атына "Өткен жолы әлеуметтік төлем алдыңыз. Жағдайыңыз сол қалыпта ма? Оны растайсыз ба? Сізге өтінішсіз төлем тағайындасақ, қарсы емессіз бе?" деп СМС-хабарлама жібереміз. Қарсы емеспін десеңіздер, жұма күннен бастап әлеуметтік төлем тағайындауға дайынбыз", – деді Біржан Нұрымбетов.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу