"СК-Фармация" басшысы: дәрі-дәрмек қымбаттайды

528

Баға өсімі келесі жылы тіркелуі мүмкін

"СК-Фармация" басшысы: дәрі-дәрмек қымбаттайды Фото: inbusiness.kz

 

Бағаның өсуіне таңбалау себеп болады. Алайда, цифрландыру ресми дистрибьюторлар мен Үкімет үшін тек пайда әкеледі. Осы және өзге де жаңалықтар телемедицина форумында талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Дәрі-дәрмек бағасы қымбаттайды, алайда, үлкен өсім күтудің қажеті жоқ, дейді "СК-Фармация" басқарма төрағасы Ренат Есқалиев.

Оның айтуынша, штрих-код үшін үстемақы төлеу денсаулықты күту жолында түк те емес. Біріншіден, дәрі-дәрмектің өндірушіден науқасқа дейінгі бүкіл жолын бақылауға мүмкіндік береді. Екіншіден, бұл контрафактілерден қорғайды.

"Шын мәнінде, біз бәріміз цифрландыруға мүдделіміз. Бұл – процестердің ашықтығына кепілдік", - деп атап өтті Ренат Есқалиев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу