"СК-Фармация"бюджет қаржысын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, басқа мәліметтерді жариялай алмаймын", – деп мәлімдеді Жеңіс Елемесов.
Осыған дейін Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек "СК-Фармация" мемлекетке 35,8 млрд теңгеге жуық шығын келтіргенін айтып, бас прокуратураға шағым қалдырды. Оның айтуынша, компания дәрі-дәрмектерді нарықтағы бағадан 365%-ға дейін қымбатқа сатып алған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу