"СҚ-Фармация" мен "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" Басқарма төрағалары қызметінен босатылды

1347

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев МӘМС қоры мен "СҚ Фармация" басшыларын жұмыстан шығаруды тапсырған болатын.  

 "СҚ-Фармация" мен "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" Басқарма төрағалары қызметінен босатылды

"СҚ-Фармация" ЖШС Басқарма төрағасы Берік Шәріп пен "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов қызметінен босатылды, деп хабарлайды  ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

"Мемлекет Басшысының қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бүгінгі кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен берілген өтініш негізінде және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің келісімі бойынша "СҚ-Фармация" ЖШС-ның Басқарма төрағасы Б.Ш. Шәріп қызметінен босатылды.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен берілген өтініш негізінде "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Басқарма төрағасы А.Н. Жұмағұлов қызметінен босатылды", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу