Ол бұған дейін Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасын басқарған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Асылбеков Нұрлыбек еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданындағы "Фармация" АҚ-да провизор технолог әрі бас маман, 2000-2002 жылдары ОҚО әкімінің аппаратында бас маман болып қызмет атқарған.
2002-2006 жылдары ҚРДСМ ОҚО бойынша фармацефтикалық бақылау комитетінің басшысы, 2006-2007 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы облысы бойынша фармацефтикалық бақылау комитетінің басшысы, 2007-2009 жылдары денсаулық сақтау министрлігінде бас сарапшы қызметін атқарған.
2009-2012 жылдары Алматы облысы бойынша фармевтикалық және медициналық бақылау департаментінің басшысы, 2012-2015 жылдары ҚР Премьер-Министрлігінде бас инспектор, 2015-2017 жылдары Астана қалсындағы Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің басшысы болған.
Айта кетейік, "СҚ-Фармация" дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша Бірыңғай дистрибьюторды құру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі 2009 жылғы 11 ақпанда қабылдады. Компанияға тегін медициналық көмек пен әлеуметтік медициналық сақтандырудың кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық ұйымдарға дәрі-дәрмектерді сатып алу және жеткізу бойынша бірыңғай оператор функциялары жүктелді.