Тоқаев "СК-Фармация" басшылығына ескерту жасады

925

Мемлекет басшысы компанияға дәрілер мен қорғаныс құралдарын өңірлерге уақытында жеткізуді тапсырды. 

Тоқаев "СК-Фармация" басшылығына ескерту жасады

Қазақстан Президенті Қасым Жомарт Тоқаев коронивирус пандемиясы кезінде "СК-Фармация" компаниясы өңірлерге тиісті дәрі-дәрмекпен, медициналық құралдарды уақытында жеткізе алмаса, жаңа басшылықты қызметінен босатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Кейбір өңірлерде жеке қорғаныс құралдарының тапшылығы немесе сапасыз өнім жеткізіліп жатқаны байқалады. Біз "СК-Фармация" басшылығын ауыстырдық. Қазір жаңа басшылық қалай жұмыс істейтінін көрсетуі керек. Бұл талап орындалмаса, олар қызметінен босатылады", - деді Мемлекет басшысы коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу