SKILLS.ENBEK.KZ платформасында 239,1 мың адам тіркелген

421

Оның ішінде 47,7 мың адам биыл тіркеуден өтті. 

SKILLS.ENBEK.KZ платформасында 239,1 мың адам тіркелген Фото: Қазалы

Жыл басынан бері 44,4 мың азамат SKILLS.ENBEK.KZ платформасында курстардан өтіп, сертификат алды. Оның 11,9 мыңға жуығы жұмыссыз адам, деп жазады inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Оқудан өткен 11,9 мың жұмыссыз азаматтың 4 мыңы Қызылорда, Қарағанды, Қостанай және Жамбыл облыстарының жастары. Платформа іске қосылған сәттен бастап авторлар онда әртүрлі бағыт бойынша 209 курс жариялады, оның 158-і тегін. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін", - делінген хабарламада.

Ең танымал курстар – "Сүтті бағыттағы ірі қара мал өсіру", "Жылыжайда көкөніс өсіру технологиясы модулінің мақсаты, міндеті және мазмұны", "Құлпынай өсіру", "Сүтті ірі қара өсіру", "Персоналды басқару" және "Кассир".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу