Skills Enbek: жыл басынан бері 9,9 мың жұмыссыз онлайн білім алды

132

Оқуды аяқтаған 9,9 мың жұмыссыз азаматтың 2,4 мыңы – жастар (16–35 жас аралығы). 

Skills Enbek: жыл басынан бері 9,9 мың жұмыссыз онлайн білім алды Фото: canva

2026 жылдың басынан бері 27,5 мың азамат, оның ішінде 9,9 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Платформада барлығы 1,2 млн-нан астам қазақстандық, оның 44,7 мыңы – биыл тіркелді. Бұл ретте Платформа жұмысының барлық кезеңінде 1,1 мың адам оқудан өтті.

"Оқуды аяқтаған 9,9 мың жұмыссыз азаматтың 2,4 мыңы – жастар (16–35 жас аралығы). Оқытылғандар негізінен Шымкент қаласынан (1 778 адам), Ақтөбе облысынан (1 359 адам) Туркестан облысынан (1 088 адам), Қарағанды облысынан (911 адам) болды. Бүгінгі таңда Платформада авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 570 курс жариялады, оның 385-і – тегін. Сондай-ақ, одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестерінің курстары бар. Курстардың ұзақтығы 2-дан 72 сағатқа дейін", – делінген хабарламада.

Платформада әлеуметтік қызмет көрсету және т. б. салалардағы түрлі мамандықтар бойынша тегін курстар саны үнемі артып келеді. 2026 жылғы қаңтар-ақпан айларында сертификаттардың ең көп саны мына курстар бойынша берілді: "Кассир" (2 561 сертификат), "Курс по финансовой грамотности" (1 369 сертификат), "Профессиональный курс индивидуального помощника для сопровождения лиц с трудностями в передвижении" (787 сертификат), "Введение в социальную работу" (216 сертификат).

Бұрын хабарлағандай, платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және "өмір бойы оқыту" тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Ол маркетплейс – қызметтер нарығы қағидаты бойынша онлайн курстарға қол жеткізуді ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарына ұқсас құрылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу