Зардап шеккендер жоқ, деп жазады inbusiness.kz сайты 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.
Әкімдік тұрғындарды шұғыл түрде көшірген. Нысан 1978 жылы салынған. Ғимарат 2005 жылы апатты деп танылғанымен, кейін жөндеу жүргізіліп, мәртебесі өзгертілген.
"2005 жылдан бері бұл үй апатты деп танылған. Пәтер мен кіреберістегі қабырғалар құлады. Негізгі қабырғаның қалыңдығы небәрі 27 см. Бізге тіреулер қойып берді", – дейді осы жердің тұрғыны Танзиля Садуова.
Осы маңға жақын жерде көпқабатты үй құрылысы басталғалы жағдай қиындаған. Ескі үйдің қаптама кірпіші үгіліп, кіреберістерді су басқан. Былтыр тұрғындар өз қаражатына тәуелсіз техникалық тексеріс жүргізіп, оның қорытындысында үй қайтадан апатты деп танылған, бірақ еш жөндеу жұмысы жүргізілмеді.
Қабырғаларда жарықтар пайда болған соң иелері көшіп кеткен көрінеді. 2 қабатты үйде тоғыз отбасы тұрған. Оларға өткен жылы кезекте тұрғандар үшін салынған жеке үйлерден уақытша 3 айға баспана берілді.