СҚО-да әйел өзін өртеп, 90%-ға дейін күйік алды

72

Оқиға Аққайың ауданына қарасты Астраханка ауылында 30 сәуірге қараған түні болған. 

СҚО-да әйел өзін өртеп, 90%-ға дейін күйік алды Фото: Depositphotos.com/LyazaTretyakova

Солтүстік Қазақстан облысында 42 жастағы әйел өзін өртемек болып, ауыр күйікпен ауруханаға түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Алдын ала мәлімет бойынша, 1984 жылы туған әйел үстіне жанармай құйып, өзін өртеп жіберген. Салдарынан оның денесінің 80–90 пайызы күйіп қалған. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр, жағдайы өте ауыр болғанымен, есін біледі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, науқас алдымен аудандық ауруханаға жеткізіліп, кейін санитарлық авиация арқылы Петропавл қаласындағы көпбейінді ауруханаға ауыстырылған. Қазіргі уақытта толық тексеру жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу