СҚО-да алаяқтық жасаған кәсіпкер сотталды

558

Солтүстік Қазақстан облысында халықтың жерін кепілге қойып, сатып жібермек болған кәсіпкер сотталды.  

СҚО-да алаяқтық жасаған кәсіпкер сотталды Фото: findhow.org

Бейбіт Молдашев Айыртау ауданына қарасты Дәуқара, Қарақамыс, Бірлестік, Егінді-ағаш пен Светлое сияқты бірнеше ауылдың 800-ге жуық тұрғынына тиесілі 42 мың гектар жерді аграрлық несие корпорациясына ешкімнің рұқсатынсыз кепілге қойып жіберген, деп хабарлайды inbusiness.kz СҚО сотына сілтеме жасап.

Арам пиғылын жүзеге асыру үшін ортақ жиналыстың жалған хаттамасын жасаған. Қайтыс болған кісілердің атынан да қол қойылған. Осылайша оның аграрлық несие корпорациясынан алған 600 млн теңгені қалтасына басқаны әшкере болды. 2017 жылы басталған жер дауына нүкте қойылды. Соттың үкімімен кәсіпкер 6 жыл 8 айға сотталды.

"Бейбіт Молдашев жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Мұнымен қоса ол 10 жылға дейін басқарушылық және материалдық жауапкершілігі бар қызмет атқара алмайды. Сондай-ақ қаржылық және коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеу құқығынан айрылды. Сот үкімі шықты, бірақ әлі заңды түрде күшіне енген жоқ. Яғни сотталушы тарап аппеляциялқ сотқа шағымдана алады", - деді үкімді оқыған қалалық соттың төрағасы Михаил Гусьев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу