СҚО-да астық сақтау қоймасы салынады

1009

Сонымен қатар 3 мың тоннаға жуық көкөніс өндіретін жылыжайдың құрылысы басталды.  

СҚО-да астық сақтау қоймасы салынады

Солтүстік Қазақстан облысында 7 астық сақтау қоймасы мен тұқым шығаратын зауыт салынып жатыр. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтты, деп жазды inbusiness.kz.

"Ауыл шаруашылығы саласында биыл инвестиция көлемі 140 млрд теңгеге жетпек. Қазақстандағы агроинвестицияның төрттен бірі біздің облыстың үлесінде. Биыл агроөнеркәсіп саласында 48 млрд теңгеге 34 жоба жүзеге асуда. Майлы дақылдардың алқабын ұлғайту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді", – деді өңір басшысы.

Тәуелсіздік алған жылдары облыста 51 мың гектарға майлы дақылдар себілсе, қазір оның көлемін 1 млн гектарға дейін жеткен. Енді майлы дақылдарды қайта өңдеу жұмысын қолға алынбақ. Қазір облыста майлы дақылдарды өңдейтін Қазақстандағы ең қуатты зауыт салынуда. Ол жылына 370 мың тонна майлы дақылдарды өңдей алады.

"Облысқа жалпы сомасы 15 млрд теңге инвестиция тартылады. Сол арқылы 200-ден астам тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Жаңа кәсіпорын облыстағы майлы дақылдардың 90%-ын өңдеуге мүмкіндік береді. Өңірде 7 астық сақтау қоймасы мен тұқым шығаратын зауыт салынуда. 3 мың тоннаға жуық көкөніс өндіретін жылыжайдың құрылысы басталды", – деді өңір басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу