banner

СҚО-да биыл жол құрылысына 37 миллиард теңге бөлінеді

1832

"Петропавл-Қорған", "Тайынша-Чкалов" бағытындағы автожолдарды күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары биыл да жалғасады.

СҚО-да биыл жол құрылысына 37 миллиард теңге бөлінеді

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 700 шақырымнан астам автомобиль жолдары жөнделеді, деп хабарлайды 24.kz.

Оның 587-сі жергілікті, қалғаны республикалық маңыздағы тасжолдар. Оларды қалпына келтіруге жалпы сомасы 37 миллиард теңге қаржы қарастырылып отыр.

Жауаптылардың айтуынша, "Петропавл-Қорған", "Тайынша-Чкалов" бағытындағы автожолдарды күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары биыл да жалғасын табатын болады.

Жалпы өңірде соңғы үш жылда 1900 шақырым жол жөнделген екен.

"Қазіргі таңда жергілікті жолдардың 39% астамы жөндеуді қажет етеді. Солтүстік Қазақстан облысын кешенді дамыту бағдарламасы аясында бұл көрсеткішті біз 27% дейін төмендетуді жоспарлап отырмыз. Қазір кейбір жобаларды жүзеге асыру үшін конкурс жарияланды. Сәтін салса, сәуір айының соңында жұмыстарға кірісетін боламыз", – дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Асхат Бәкеев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу