Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ дақылдарына орақ түсті, деп хабарлайды khabar.kz.
Диқандар бірінші болып жасымық өсімдігін бастыруға кірісіп кетті. Биыл аграрлы аймақта 4 млн 200 мың гектар жерге егін егілді. Шаруалар алқаптарға минералды тыңайтқыштар сеуіп, тиісті агротехникалық тәсілдерді қолданды. Бұл жердің құнарлылығын арттырып, астық шығымдылығына оң әсер етеді. Жалпы жиын-терім науқанына 8 мың комбайн шығады. Агроқұрылымдарға арзандатылған бағамен 75 мың тонна жанар-жағармай беріледі. Өңірде егін шаруашылығын әртараптандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Ал жерге немқұрайлы қарайтындарға бақылау күшейтілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу