Солтүстік Қазақстан облысында депутат жемқорлық күдігімен ұсталды

367

Ол бірнеше жылдан бері Петропавл әкімдігіне қарасты "Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар" КМК басқарып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Қазақстан облысында депутат жемқорлық күдігімен ұсталды Фото: arbatmedia.kz

Тараған дерекке қарағанда, коммуналдық кәсіпорынның орынбасары әрі директоры Павел Булаевтың ұсталғанын Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растаған.

Олар бұл іс оның негізгі қызметіне қатысты екенін атап өтті.

"Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп делінген хабарламада.

Павел Булаев бір жыл бұрын облыстық мәслихаттың депутаты болған. Ол бір мандатты №13 аумақтық сайлау округі бойынша "Ақ жол" партиясынан сайланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу