СҚО-да электр энергиясына қарыз болған адам пәтерінен айрылды

929

СҚО-да электр энергиясына қарыз болған адам пәтерінен айрылды

Солтүстік Қазақстан облысында электр энергиясына қарыз болғандардың пәтерлері саудаға қойылды.  Бірнеше күн бұрын аукционда "Солтүстікқазэнергосбыт" ЖШС-қа 392 мың теңге қарыз болған тұтынушының пәтері сатылды.

Компанияның хабарламасында пәтер иесі электр энергиясы үшін ақы төлеуден бас тартқаны көрсетілген. Сонымен қатар коммуналдық қызмет көрсетушілер мүлікті алып қою сирек кездесетінін, көбінесе, дебиторлық қарыз сот органдарына арыз түскен кезде жабылатынын айтып отыр.

 - Мұндай жағдай енді қайталанбайды, ал салық төлеушілер келісімшартта көрсетілген міндеттерді дер кезінде орындайды деп ойлаймын. Қарыз үшін автокөлік немесе баспананы өндіріліп алу, қарыздың көп екенін көрсетеді. Мерзімі кешіктірілген дебиторлық қарызы бар тұтынушыларды өз шотын уақытында төлеуге және жеке мүлігінен айыратындай жағдайға жеткізбеуді сұраймыз, – деп түсіндірді "Солтүстікқазэнергосбыт" ЖШС-ның бас директоры міндетін атқарушы Мағауия Сағындықов.

Жеткізуші қарызын уақытында төлемеген тұтынушымен талап-арыз жұмысын жүргізеді. Бүгінгі күні 54 млн теңгеден астам соманы құрайтын  247 арыз қарастырылып жатыр.

Кей кезде коммуналдық қарыз үшін тек пәтер ғана емес, сонымен қатар басқа да мүлік, оның ішінде бөлменің есіктері алынған жағдайлар бар екенін айтып кеткен жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу