СҚО-да электр қуатын төлей алмағандардың пәтері аукционға қойылды

1226

СҚО-да электр қуатын төлей алмағандардың пәтері аукционға қойылды

СҚО-да электр энергиясына қарыз болып қалған борышкерлердің пәтерлері аукционға қойылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Севказэнерго" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, осыдан бірнеше күн бұрын ғана "Севказэнерго" алдындағы қарызы 392 мыңнан сәл асатын қарызы бар адамның пәтері сатылып кеткен.

"Сатылып кеткен пәтердің иесі жиналған қарызды төлеуге соңына дейін бас тартқан. Қазіргі уақытта  сот орындаушылары тағы екі пәтерді саудаға қойып отыр",- деді "Севказэнергосбыт" ЖШС бас директорының м.а Мағауия Сағындықов.

Тұтынушылардың 2018 жылдың 1 қаңтарындағы дебиторлық қарызы 147,7 млн теңгеге жеткен.

"54 миллион теңгенің 247 шағымы қазір қаралу үстінде. Борышкерлердің мүлкін саудаға шығару сирек кездесетін жағдай. Әдетте олар қарыздарын ерте жауып жатады", - дейді баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу