СҚО-да ірі жол апатынан 8 адам зардап шекті

341

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

СҚО-да ірі жол апатынан 8 адам зардап шекті Фото: instagram.com/skopetro

Петропавл – Көкшетау автожолының Астраханка ауылы маңында Mazda және Toyota Estima көліктері қатысқан жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

СҚО облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты салдарынан Mazda автокөлігінің жүргізушісі мен Toyota Estima салонындағы 7 адам медициналық мекемелерге жеткізілген.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процестік шешім қабылданады. Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдық режимін асырмауды, жол және ауа райы жағдайын ескеруді, қарсы бағытқа шықпауды және көлік тізгінінде барынша мұқият болуды ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу