СҚО-да қан қысымы көтерілген жүргізушіге полицейлер көмектесті

116

Денсаулығы күрт нашарлаған ер адам жол учаскесінде кюветке шығып кеткен.  

СҚО-да қан қысымы көтерілген жүргізушіге полицейлер көмектесті Фото: polisia.kz

Оқиғаны Есіл ауданы Заградов ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Саян Раимбеков байқап қалады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Көлік ішінде Айыртау ауданының 46 жастағы тұрғыны болған. Оның айтуынша, қан қысымы кенеттен көтеріліп, жағдайы күрт нашарлағандықтан, көлікті басқара алмай, жол жиегіне шығып кеткен.

Жүргізуші ауруханаға барудан бас тартып, дәрі қабылдағанын айтып, өзін Қызыләскер ауылындағы туыстарына жеткізуді өтінеді.

Саян Раимбеков көмекке Корнеев ауылдық округінің учаскелік инспекторы Диас Жанайдарды шақырған. Екі полиция қызметкері бірлесіп Volkswagen Passat автокөлігін кюветтен шығарып, жүргізушіні көрсетілген мекенжайға аман-есен жеткізді.

Жол үстінде азаматтың жағдайы біршама жақсарған. Жүргізуші көрсетілген жедел әрі жанашыр көмегі үшін полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу