СҚО-да қар құрсауында қалған балықшы құтқарылды

86

61 жастағы көкшетаулық тұрғын ВАЗ-2115 автокөлігімен СҚО, Тайынша ауданындағы Құмдыкөл көліне балық аулауға барған.    

СҚО-да қар құрсауында қалған балықшы құтқарылды Фото: polisia.kz

Күндіз ауа райы қолайлы болғанымен, кешке жел күшейген. Ер адам үйіне қайтарда жолдың дұрыс көрінбей, бағытынан жаңылып, көлікпен қарға батып қалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сағат шамамен 21:00-де ол жергілікті тұрғын танысына хабарласқан, осыдан соң дабыл көтерілген. 

Ер адамды іздеуге полиция бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі және аудан әкімдігі күштері жедел жұмылдырылды. Учаскелік инспектор мен ТЖ қызметкерлері онымен байланыста болған.

Түн ортасында арнайы техниканың көмегімен тәртіп сақшылары мен құтқарушылар қар басқан автокөлікті тауып алды. Балықшы Макашевка ауылына эвакуацияланды. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу