Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылында Шокаев көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдің ауласындағы шаруашылық құрылыстан өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшелері дереу өртті сөндіруге кірісті. Олардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында оттың тұрғын үйге таралуына жол берілмеді.
"Өртті сөндіру барысында құтқарушылар қауіпті аймақтан көлемі 40 литрлік газ баллонын сыртқа шығарып, ықтимал ауыр зардаптардың алдын алды. Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", – делінген хабарламада
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына ыстық күлдің төгілуі себеп болған.