СҚО-да мал ауруына байланысты карантин жарияланды

1029

СҚО-да мал ауруына байланысты карантин жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысының Архангель ауылында ірі қара малдарда бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты карантин жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ветеринария басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы Берік Әлжанов осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, ауылда эпизоотияға қарсы республикалық жасақ жұмыс жасап жатыр. Арнайы қызметкерлер  әр 15-20 күн сайын диагностикалық зерттеулер жүргізеді. Ауру малдарды анықтағаннан соң оларды оқшаулап, санитарлық мақсатта союға тапсырады. Бюджеттен жалпы мал бағасының 30 пайызы ғана төленеді, қалғаны - ет өңдеуші кәсіпорынның мойнында.

"Жеке секторда бруцеллезге шалдыққан 26 бас мал белгілі болды. Барлығы санитарлық мақсаттағы соғымға өткізілді. Былтырдан бері жеке кәсіпкердің меншігінде болған. Алайда шектеу қойылды. Шамамен 10 рет қан алынды. Қазір ол барлық 60-қа жуық мал басын соғымға өткізіп жатыр. Тергеу жүргізілді, себебін әлі анықтау үстіндеміз. Шаруа қожалығы малды өзге қожалықтардан ветеринарлық қызметке ескертпей сатып алған",  - деді Берік Әлжанов.

Сондай-ақ, ветеринарлық қызмет өкілдері елдімекендерден сүттің шығарылмауын қадағалап отыр. Шектеу қойылған уақыттан бастап сүтті тамаққа қосуға және шығаруға тыйым салынды. Тек жануарларға жем ретінде қайнатып бергеннен кейін ғана пайдалануға болады. Қызылжар ауданының Якорь ауылында малдар жаппай қырылып жатыр. Оған себеп малдардың улануы деп болжануда.

Айыртау ауданына қарасты Елецкое ауылында құстардан шыққан Ньюкасл ауруына байланысты карантин жарияланды. 500 мал басы қырылған.

Берік Әлжановтың айтуынша, қазіргі таңда малдың өлімі тоқтаған. Өңірде зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, 1,5 мың бас құсқа вируска қарсы екпе салынып үлгерді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу