СҚО-да мас күйде медицина қызметкерін жұдырықтаған тұрғын сотталды

394

Сотталушының кінәсі іс материалдарымен дәлелденді.  

СҚО-да мас күйде медицина қызметкерін жұдырықтаған тұрғын сотталды Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Шал ақын ауданының ауданаралық сотында қызметтік міндетін атқару кезінде медицина қызметкеріне күш қолданған Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот материалдарына сәйкес, биыл 23 маусымда сағат 12:00 шамасында Ұзынжар ауылының маңында мас күйінде жүрген сотталушы Н. өзінің кәсіби міндетін атқарып жүрген медицина қызметкері А.-ға қасақана зорлық-зомбылық көрсеткен.

Н. жәбірленушінің оң жақ сирағынан, ішінен тепкілеп, қос білегінен қысып ұстап, дене жарақаты мен физикалық ауырсыну келтірген. Осылайша, дәрігердің қызметтік міндетін орындауына кедергі жасаған. Азаматтың бұл заңсыз әрекеттерін оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері тоқтатты.

Сот үкімімен Н. Қылмыстық кодекстің 380-3-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Жасалған іс-әрекеттің сипаты мен қоғамға төндірген қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейтін болады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу