СҚО-да полицейлер айыппұл бойынша берешегі бар 210 шетел азаматын анықтады

105

Тәртіп сақшылары айыппұлдарды төлеу қажеттігі туралы хабардар ету шарасын қолға алды.  

СҚО-да полицейлер айыппұл бойынша берешегі бар 210 шетел азаматын анықтады Фото: polisia.kz

Басым бөлігі – Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзғандар және СҚО аумағы арқылы транзитпен өту кезінде жылдамдықты асырып, автоматты бейнебақылау жүйелеріне тіркелген жүргізушілер, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері 210 құқық бұзушы шетел азаматын анықтап, оларға хабарлама берді. Олардың көпшілігі айыппұлды бірден аударым арқылы төледі.

Полицейлер еске салады: заңнамаға сәйкес алғашқы 7 тәулікте айыппұл сомасының тек 50 пайызын төлеуге мүмкіндік бар.

Бұдан кейін толық соманы ерікті түрде төлеуге тағы 30 күн беріледі. Тек осы мерзім өткен соң материалдар жеке сот орындаушыларына жолданады.

Тәртіп сақшылары өңір тұрғындары мен қонақтарын заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу