СҚО-да Шарлық өзенінің деңгейі бір тәулікте 1,5 метрге көтерілді

97

Әзірге су айдындарынан келер қауіп жоқ.

СҚО-да Шарлық өзенінің деңгейі бір тәулікте 1,5 метрге көтерілді  Фото: Олеся Жуковень / Kazinform

Солтүстік Қазақстан облысында кей өзендердің су деңгейі бір тәулікте метрлеп көтеріліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазгидромет" кәсіпорны облыстық филиалының мәліметінше, бір тәулікте Шарлық өзені Рузаевка ауылының маңында 153 см-ге, Андреевка ауылының маңында 93 см-ге, Аққанбұрлық өзені Возвышенка елді мекенінің маңында 128 см-ге көтерілген. Бабық Бұрлық, Иманбұрлық, Мұқыр өзендерінің де суы біртіндеп көтеріліп жатыр.

Ал Шөптікөл ауылының маңында Есіл өзені суының деңгеі өткен тәулікте 76 см-ге, Дружба елді мекені маңында 57 см-ге, Тоқсан би ауылында 33 см-ге жоғарылаған. 

Сергеев су қоймасында су деңгейі өткен тәулікте 8 см-ге артты. Қазір гидрологиялық нысан 97,5% толып тұр. 

Синоптиктердің болжамынша, жылы ауа райы алдағы күндері сақталады. Ертең өңірдің оңтүстік аудандарында сынап бағанасы +20 С градусқа дейін көтерілмек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу