Бүгінгі көрсеткіш 99 сантиметрді көрсетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Облыс әкімі Қызылжар және Есіл аудандарының, Петропавл қаласының, сондай-ақ Сергеев су қоймасының аумағына аэровизуалды мониторинг жүргізді.
Сергеев су қоймасындағы бірінші толқынның шарықтау шегі 7 сәуірге сәйкес келді, су деңгейі 122 см-ге жетті. Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеп жатыр, бүгінгі көрсеткіш - 99 см.
Алдағы күндері бірінші толқын Есіл және Қызылжар аудандары, сондай-ақ Петропавл қаласы арқылы өтеді. Бүгін қалалық гидроторапта шандорларды толық ашу және нысанды транзиттік режимге көшіру жоспарланып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу