СҚО-да тағы екі аудан орталығы карантинге жабылды

808

Ол Явленка селосы мен Мамлют қаласы.  

СҚО-да тағы екі аудан орталығы карантинге жабылды

Солтүстік Қазақстанда коронавирустың өршуіне байланысты тағы екі аудан орталығы карантинге жабылды, деп хабарлайды Аtameken Business.

Өңірдегі бас санитарлық дәрігердің қаулысына сай, тұрғындар тек жұмысқа, дүкен мен дәріхана сынды ең қажетті жерлерге ғана шыға алады. Қалған уақытта үйде отырулары тиіс. 65 жастан асқан егде адамдар ауруханаға бармай, тек жедел жәрдем қызметіне жүгінулері қажет. Автостанциялар мен сауда базарлары жабылады. Айта кетейік, облыс аудандарында 14 күннің ішінде науқастар саны 7 адамнан асатын болса, елді мекендер карантинге жабылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу