СҚО-да тұмау мен ЖРВИ жұқтырғандар саны 21 мыңнан асты

95

Бұл туралы СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді.

СҚО-да тұмау мен ЖРВИ жұқтырғандар саны 21 мыңнан асты Фото: ЖИ

Солтүстік Қазақстан облысында эпидемиялық маусым басталғалы бері 21,5 мыңға жуық адам жіті респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ауырғандардың басым бөлігі – балалар.

Өткен аптаның өзінде өңірде ЖРВИ жұқтырған 4 мыңға жуық адам анықталды. Олардың шамамен 2,5 мыңы – 14 жасқа дейінгі балалар. Ал қазан айынан бері инфекция жұқтырған балалар саны 13,2 мыңға жеткен.

Сонымен қатар өткен аптада өңірде А/H1N1-09 тұмауының 29 жағдайы тіркелді. Бұл вирус халық арасында "шошқа тұмауы" деген атаумен белгілі.

Айта кетейік, облыста тұмауға қарсы вакцинация науқаны 2026 жылғы 6 қазанда басталған. Тұрғындарға екпе салу үшін Ресейде өндірілген "Гриппол Плюс" вакцинасының 60 мың дозасы сатып алынған.

Вакцинация ең алдымен медицина қызметкерлеріне, диспансерлік есепте тұрған балаларға, балалар мен қарттар үйлерінің тұрғындарына, созылмалы аурулары бар азаматтарға, жүкті әйелдерге, мектеп оқушыларына және егде жастағы адамдарға жүргізіледі.

Қазіргі уақытта облыста қауіп тобындағы 55,2 мың тұрғын тұмауға қарсы вакцина алған. Екпе тіркелген емханада тегін салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу